Академия

Академия туралы

Халықаралық білім және ғылым академиясы — ғылым және білім саласында 5 жылдық тәжірибесі бар, заманауи технологиялар мен инновацияларға басымдық беретін ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы. Академия жоғары деңгейдегі зерттеушілерді, магистрлерді және докторанттарды қолдауға бағытталған.

Біз ғылыми зерттеу бағдарламаларын жүзеге асырып, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырамыз, сондай-ақ ғылыми кадрлардың кәсіби дамуына, ғылыми жобаларды іске асыруға және инновациялық шешімдерді енгізуге қолдау көрсетеміз. Академия ғылыми-зерттеу, оқыту-кеңес беру және құқықтық қолдау саласында коммерциялық емес ұйым ретінде қызмет етеді.

Қазақстандағы жасанды интеллект (ЖИ) бағытындағы алғашқы ғылыми журнал — «Ғалым – Scientist» — біздің академиямыздың бастамасымен жарыққа шығып, ғалымдар мен зерттеушілерге халықаралық деңгейде ғылыми мақалалар жариялауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, академия Scopus, Web of Science және басқа да халықаралық ғылыми дерекқорларға мақала жариялауға көмек және кәсіби кеңес береді. Бұл зерттеушілердің ғылыми нәтижелерін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік жасайды.

Академия Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік білім және ғылым саясатын іске асыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Сонымен қатар, академия Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Түркия Республикасы және басқа да халықаралық серіктестермен ғылыми ынтымақтастық орнатқан.