Халықаралық білім және Ғылым Академиясының ғылым және білім саласында 5 жылдық қызметтік тәжірибесі бар. Педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды қолдау үшін педагогтердің бастамасымен құрылған.

Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын, білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу, педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқытуға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес береді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ресми тіркеуден өткен, ғалымдарға, магистрлер мен магистранттарға, педагогтерге, студенттер мен оқушыларға арналған «Ғалым — Scientist» ғылыми желілік басылымын шығарады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырып жатыр.

Академия бүгінде Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Түркия Республикасының және т. б. педагогтарымен ынтымақтасады.