Академия туралы
Халықаралық білім және Ғылым Академиясының ғылым және білім саласында 5 жылдық қызметтік тәжірибесі бар. Педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды қолдау үшін педагогтердің бастамасымен құрылған.
Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын, білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу, педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқытуға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес береді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ресми тіркеуден өткен, ғалымдарға, магистрлер мен магистранттарға, педагогтерге, студенттер мен оқушыларға арналған «Ғалым — Scientist» ғылыми желілік басылымын шығарады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырып жатыр.
Академия бүгінде Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Түркия Республикасының және т. б. педагогтарымен ынтымақтасады.
Біздің институттар
Педагогикалық даму институты
Педагогикалық даму институтының мақсаты: әдістемелік қызметті жетілдіру бағытында ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру және педагогтердің кәсіби өсуін қолдау.
Негізгі қызметі:
1) пән мұғалімдері қауымдастықтарының қызметін жандандыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру бағытында шетелдік тәжірибелерді зерттеу;
3) педагогтердің білім берудегі инновациялық тәжірибелерін зерделеу, жетілдіру және енгізу;
4) әдістемелік жүйесін жетілдіру бойынша кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету.
Ғылыми-инновациялық институт
Ғылыми-инновациялық институтының мақсаты: әдістемелік қызметті жетілдіру бағытында ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру және педагогтердің кәсіби өсуін қолдау.
Негізгі қызметі:
1) педагогикалық бағыттағы магистранттар мен докторнаттардың ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру;
2)шетелдік ЖОО-мен халықаралық коллаборация ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және бірігіп зерттеулер жүргізу
3) кәсіби білім беру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер, эксперименттік жұмыстар жүргізу.
Халықаралық байланыс және тілдерді дамыту институты
Халықаралық байланыс және тілдерді дамыту институтының мақсаты:
Негізгі міндеттері:
1) шетелде педагогтерге арналған кәсіби біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыру;
2) ағылшын және түрік тілдерін академиялық деңгейде оқыту;
3) шетелдік ЖОО-да білім алуға, ғылыми тағылымдамадан өтуге бағыт-бағдар беру.
«Журналистика және қоғаммен байланыс» орталығы
«Журналистика және қоғаммен байланыс» орталығы – Академияның қызметін ақпараттық сүйемелдеумен айналысатын құрылымдық бөлім.
Негізгі міндеттері:
1) халықаралық «Журналистика және қоғаммен байланыс» мектебінің жұмысын реттеу;
2) жас журналистерге арналған халықаралық конкурстар ұйымдастыру;
3) жас журналистерне арналған халықаралық коллаборация ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және бірігіп зерттеулер жүргізу.